Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысынан патшайым Екатерина Екіншінің тұсындағы тиын табылды

Опубликовано:

Тиын
Фото: "Хабар 24" арнасы

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты. Екатерина II-нің тұсындағы көне тиынды балықшылар тауып алған деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Зейнеткер Жұмахан Тамабеков Сарысу өзенінің бойында жауынқұрт қазып жатқан кезде байқап қалады. Мыстан құйылған бес тиын 1766 жылы жасалыпты. Үш ғасырға жуық жер астында жатқан тиынның беті аздап шіріген. Дегенмен, суреті мен жазуы сақталыпты. Зейнеткер жәдігерді музейге әкеліп тапсырды.

"Бірінші кезде домалақ не нәрсе деп ойладым. Известь сияқты қатып қалған екен, соны тазалағанда жапырақтар көріне бастады. Мынадай тауып алу менің бағыма келіп отыр енді. Екінің бірі тауып жатқан жоқ ғой. Өте қуаныштымын осы жерге тапсырғаныма. Осы жерде болғаны жақсы. Ертең біздің кейінгі ұрпақтарымыз тамашалайды", – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Жұмахан Тамабеков.

Тарихшылардың айтуынша, бұл Сарысу өзенінің бойында үлкен көш керуен жолының болғанының дәлелі.

"1762 жылдан бастап 1796 жылға дейін Ресейде сенаттың шешімі бойынша Екатерина Екінші осындай мыс монеталар дайындата бастады. Бұлар миллионнан артық. Бұл монетаның сол кезеңдегі құны 5 тиын ғана. Көп қымбат тұрмайды. Бірақ та бұл жәдігердің ең басты құндылығы Сарысу өзені бойында үлкен көш керуен жолының болғандығын дәлелдейді", – дейді Темірғали Аршабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935035-qaragandy-oblysynan-patsaiym-ekaterina-ekinsinin-tusyndagy-tiyn-tabyldy/

pixel