Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды

Опубликовано:

Марапаттау сәті
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2021 жылғы 20 қыркүйекте қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды деп хабарлайды Polisia.kz.

"Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді", – деп атап өтті Тұрғымбаев.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

"Бүгін мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім", – деп атап өтті министр.

Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметтік борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті.

"Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Сын жағдайларында бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде адамның өмірімен байланысты болады", – деді ішкі істер министрі.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Одан бөлек, күдіктінің әйелі мәлімдеме жасап, қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935044-iski-ister-ministri-qaza-tapqan-policeilerdin-otbasylaryna-memlekettik-nagradalar-tapsyrdy/

pixel