Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жанып жатқан сауда орталығының терезесінен бойжеткен құлап түсті (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: instagram.com/eto_astana_detka

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астықжан" сауда орталығынан өрт шығып, қызыл жалынды ауыздықтау кезінде ғимарат терезесінен бір бойжеткен құлап түсті. Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік жағдайдың видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео eto_astana_detka Instagram парақшасында пайда болды. Кадрлардан құлаған бойжеткеннің алдымен төменде тұрған контейнерге соғылғанын, содан кейін жерге құлағанын көруге болады. Адамдар бірден көмекке ұмтылады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жәбірленуші осы сауда орталығының жиһаз дүкенінде жұмыс істейді. Оның денсаулығы орташа деп бағаланды.

"Өртті сөндіру кезінде жарақат алған 2001 жылы туған бойжеткен бар, ол – "Универсал" жиһаз дүкенінің қызметкері. Қазіргі уақытта ол травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, оның жағдайы орташа деп бағаланды", – делінген видеоның астындағы төтенше жағдайлар департаменті қалдырған хабарламада.

Ескерту! Видеоны кәмелетке толмағандарға, психикасы тұрақсыз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935048-nur-sultanda-zanyp-zatqan-sauda-ortalygynyn-terezesinen-qyz-qulap-tusti-video/

pixel