Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астықжандағы" өрт сөндірілді

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД

Елордалық өрт сөндірушілер "Астықжан" сауда орталығындағы өртті сөндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен "Астықжан" сауда орталығыныдағы өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, жалын шарпыған аумақ 7000 мың шаршы метрге жеткен.

Естеріңізге салсақ, бүгін, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері әл-Фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шұғыл аттанған болатын", – деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің күштері мен құралдары – 105 адам 26 бірлік техника, коммуналдық қызметтің 8 машинасы жұмылдырылды.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимарат ішінде қалған 23 жастағы қыз 2-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Оның "Универсал" жиһаз цехының қызметкері екені анықталды. Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа ауыр дәрежеде", – делінген департаменттің мәліметінде.

Еске салсақ, бүгін таңертең Елордадағы "Астықжан" сауда орталығының жиһаз салонынан өрт шықты.

Оған қоса, ғимараттағы қызыл жалынды ауыздықтау кезінде терезесінен бір қыз құлап түсті. Әлеуметтік желілерде жанұстатар жағдайдың видеосы пайда болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935052-astyqzandagy-ort-sondirildi/

pixel