Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді
Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова "Шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы" жаңа қаулыға қол қойды. Құжат елоданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.
Қаулыда бұрын жарияланған нормалар да, жаңа ережелер де бар.
Осылайша, құжатқа сәйкес, астаналықтарға әлі де мекемелерде іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.
Ashyq жобасына қатысатын мекемелерде ғана іс-шаралар өткізуге рұқсат берілген.
Боулинг орталықтары, бильярд, караоке, түнгі клубтар, тағы басқалары сияқты нысандарға баруға әлі де тыйым салынған.
Ashyq-қа қатысатын объектілерге баруға рұқсат берілген.
Жобаға қатысатын нысандар үшін келесі жұмыс кестесі қойылған:
- жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 02.00-ге дейін;
- демалыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық объектілер үшін сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларына қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебесі болған жағдайда сағат 02.00-ге дейін.
Құжатта қоғамдық көліктің жұмысы туралы ереже де бар. Енді қоғамық көліктің жұмысына барлық күндері ресми түрде рұқсат етілген – жұмыс күндері де, демалыс күндері де.
Қаулы қол қойылған күннен бастап, яғни 2 қазаннан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935058-zana-qauly-nur-sultanda-karantin-zenildetildi/