Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жоқ пәтерді жалға беруші алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: Елорда әкімдігі

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген павлодарлық алаяқ ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың мәліметінше, алаяқ 1989 жылы туған, Павлодар облысының тумасы С. есімді азаматша болып шықты.

"Ол бұрын ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтық үшін сотталған. Ұсталған адам танымал сайтты пайдаланып, пәтер жалдау туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Жалдау бағасын төмен қылып көрсетіп, басқа жарнамалардан алған пәтерлердің суреттерін орналастырады.

Клиенттермен телефон арқылы келіссөздер жүргізіп, оларды өзіне сендіріп, алдын ала төлемді теңгерімге аударуды ұсынады. Жәбірленушілер ақшаны аударған соң, алаяқ дереу жарнаманы алып тастап, ұялы телефонды өшіріп тастаған", – деді ол.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазірдің өзінде бірнеше жәбірленуші анықталды.

Азаматшаның бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935085-almatyda-zoq-paterdi-zalga-berusi-alayaq-ustaldy/

pixel