Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 710 адам үйінде коронавирустан емделіп жатыр

Опубликовано:

тәжвир85
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 710 адам үйінде емделіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте – 1 қазанда 56 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында анықталған 32 науқас бар.

Сондай-ақ, Теңіз кен орнында – 4, Құрманғазы ауданында – 8, Қызылқоғада – 5, Индерде – 4, Жылыойда – 2, Исатай ауданында 1 адам қауіпті вирусқа шалдыққан.

"Қазір коронавирус инфекциясынан емделу үшін 710 адам үй жағдайында оқшауланды. Ал, модульдік ауруханада – 120, №2 облыстық ауруханада – 55, Теңіз кен орнындағы стационарда – 82, аудандардағы инфекциялық стационарларда 41 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 97 пациент емделіп шықты", -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын бұрын Атырау облысында коронавируспен 1003 адам ауырып жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935112-atyrau-oblysynda-710-adam-uiinde-koronavirustan-emdelip-zatyr/

pixel