Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"QazVac" вакцинасы ҚМДБ-ның "Халал даму" ЖШС сертификатын алды

Опубликовано:

Халал екпе
Фото: Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты

2 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті деп хабарлайды Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ресми сайты.

Бұдан бұрын "QMDB Halal" стандарты бойынша "QazVac" вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, "OtarBioPharm" биофарцевтикалық зауыт жағдайында "QazVac" вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

"QazVac" вакцинасын жылжытуға және оған "Халал Даму" сертификатын алуға зертхана меңгерушілері б.ғ.д., профессор Ж.Қ. Қошеметов және PhD Қ.Д. Жүгінісов белсенді атсалысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935127-qazvac-vakcinasy-qmdb-nyn-xalal-damu-zss-sertifikatyn-aldy/

pixel