RU

Екібастұзда 17 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлода облысы Екібастұз қаласында кәмелетке толмаған көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам көшені "зебра" арқылы кесіп өтпек болған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым дерегінше, жол көлік оқиғасы Беркімбаев көшесінде тіркелген. 34 жастағы жаяу жүргіншінің дене жарақатымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілгені белгілі болды.

Зардап шеккен адамға жабық ми-қаңқа және мидың орташа ауыр жарақаты диагнозы қойылыпты.

Сонымен қатар, II дәрежелі травматикалық шок, жабық кеуде жарақаты, екі қабырғаның жабық сынуы және сол жақ  бұғана диафизінің жабық сынуы диагнозы қойылған.

"2004 жылы туған кәмелетке толмаған жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен 1987 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен", - делінген облыстың полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935157-ekibastuzda-17-zastagy-zurgizusi-zayau-zurginsini-qagyp-ketti/