RU

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты өртенді

Пожарные у здания акимата в ВКО
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында өрт болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Максим Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатындағы кабинеттердің бірінде өрт шыққан.

Оқиға орнына арнайы мамандардың тез араада жеткені айтылды.

Көк түтін тұмшалап алған қабатқа көтерілгенде қызыл жалын кілемді шарпып жатқан.

Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған қызыл жалынды толықтай ауыздықтап, ары қарай таралуына жол бермегенін хабарлады.

Олардың дерегінше, оқиғадан зардап шеккен ешкім жоқ.

Қазіргі кезде тілсіз жаудың шығу себебі белгісіз болып отыр. Соған орай мамандар тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Сонымен қатар, Хабар 24 арнасы оқиға орнына 65 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935159-sygys-qazaqstan-oblysy-akimdiginin-gimaraty-ortendi/