Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Миланда ұшақ ғимаратқа соғылып, борттағы барлық адам ажал құшты

Опубликовано:

Ұшақ соғылған ғимарат
Фото: Emanuele Cremaschi / Getty Images

Бортында 8 адам бар жолаушылар ұшағы Миланның Линате әуежайынан көтерілгеннен кейін көп ұзамай ғимаратқа соғылды деп хабарлайды The New York Times.

Италия билігі жексенбі күні Милан қаласының шетіндегі бос ғимаратқа шағын ұшақ соғылып, алты жолаушы мен экипаждың екі мүшесі қаза тапқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, ұшақ бортында үш румын, екі француз, бір канадалық және екі италиялық болған.

Милан прокурорының айтуынша, ұшқыш - Румыния азаматы. Ұшақ та Румынияда тіркелгені белгілі болып отыр. Италиялық БАҚ ұшқыштың отбасымен және достарымен демалуға шыққан румыниялық миллиардер екенін, ал қаза тапқандардың кейбірінің қос азаматтығы бар екенін хабарлады. Көз жұмғандардың арасында бір бала бар.

Ұшақ Италияның Сардиния аралына бет алған болатын. Билік болған жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысуда. Ұшақтың траекториясына қарап, ұшқыш жергілікті теңіз ұшағы базасы мен Миланның оңтүстік-шығысындағы халық тығыз қоныстанған жерлердің үстінен ұшып бара жатқан сәтте бағытын өзгертіп, әуежайға қайтып оралуға тырысқанын болжауға болады.

Италияның ANSA ақпараттық агенттігі ANSV ұлттық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне сілтеме жасай отырып, әуе апатына бір моторлы PC-12 ұшағы ұшырағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935162-milanda-usaq-gimaratqa-sogyldy-borttagy-barlyq-adam-azal-qusty/

pixel