Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда жанкештілер батальоны құрылғаны рас па

Опубликовано:

Ауғанстан
Фото: Patrick ROBERT/Sygma via Getty Images

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятының вице-губернаторы жанкештілерден тұратын арнайы батальонының құрылғанын хабарлады деп жазады Азаттық радиосы.

Басылым мәліметінше, батальон осы уәлаяттың аумағында болып, Ауғанстанның Тәжікстан және Қытай елдерімен шекарасын күзетеді.

Вице-губернатор молла Ахмад Ахмадидің айтуынша, батальон алдыңғы үкіметтің күштеріне соққы жасау үшін құрылған.

Ахмад Ахмади оларды батыл жауынгер деп атап, олардың көмегінсіз АҚШ-тың жеңу мүмкін болмас еді деді.

Ауғанстан тамыздың ортасынан бері тәліптердің бақылауында. Олар ел билігін Батыс әскерлері толық кетпей жатып-ақ қолына алған. 1996-2001 жылдар Ауғанстанда билік құрған "Талибан" адам құқығын, соның ішінде әйелдер құқығын өрескел бұзуымен көзге түскен. Қазір ауған халқы тәліптер ескі репрессиялық заңдарын қайта орнатады деп қауіптенеді.

Ауғанстанның көршілері тәліптермен қарым-қатынас орнатуға бейіл екенін көрсетті. Тек Тәжікстан ғана "Талибан" билігін мойындамай, Ауғанстаннан қашқан босқындарға қолдау көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1935166-auganstanda-zankestiler-batalyony-qurylgany-ras-pa/

pixel