RU

Қытайлықтар жаңа Х вирусы пайда болатынын айтып, дабыл қақты

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы болашақта жаңа Х вирусы пайда болатынын болжап, бұл жайтқа қатысты алдын ала шаралар қолдану қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Халықаралық ғылым мен технология форумында сөз сөйлеген Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Гао Фусөз адамзат болашақта міндетті түрде жаңа вируспен бетпе-бет келетінін болжады және бұған қарсы шаралар қолдану үшін өзара әрекеттесу принципін ұсынды.

"Әлем коронавирус пандемиясымен ғана емес, сонымен қатар шынайы ақпарат пен жалған ақпарат тоғысатын инфодемия сияқты басқа да бірқатар мәселелермен бетпе-бет келді. Бұл шешімін табуды қажет ететін көптеген мәселе мен қауесеттерді тудырады", - дейді маман.

Гао Фу болашақта әлем әлі ешкімге белгісіз және кез келген жерде әрі кез келген уақытта пайда болуы мүмкін Х вирусымен күресуге мәжбүр болатынын баса айтты.

"Адамзаттың болашағы үшін мәселені шешу жолында бірігіп жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты мен "төрт С" қағидасын ұсынамын: cooperation- ынтымақтастық, competition - бәсекелестік, communication - ақпарат алмасу, және coordination - үйлестіру", - дейді сарапшы.

Жоғарыда айтылған қағидалардың ішінде ол ақпарат алмасудың әсіресе маңызды болып табылатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935180-qytailyqtar-zana-x-virusy-paida-bolatynyn-aityp-dabyl-qaqty/