RU

Алматы облысының Кеген асуында қалың қар жауып, көліктердің жүруі қиындаған (видео)

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_kz

Алматы облысында демалыс күндері қалың қар жауып, салдарынан Кеген асуынан көліктердің өтуі қиындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz тобында жарияланды.

Жазбаның мәтінінде оқиғаның Кеген асуында болғаны айтылған.

Кадрдан бірнеше ер адамның тығылып қалған жеңіл көлікті итеріп, байқауға болады. Одан бөлек, видеода транспорттардың өте баяу жүріп жатқанын аңғару қиын емес.

Сонымен қатар, роликте Кеген асуында қалың қар түсіп, жел болып жатқаны бейнеленген.

Айта кетейік, осыған дейін "Қазгидромет" РМК аймақта дауылды ескерту болатынын ескерткен.

Синоптиктер 2-4 қазан аралығында Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын күтілетінін және тұман түсуі мүмкін екенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, аймақта желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін барады.

Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындары ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935181-almaty-oblysynyn-kegen-asuynda-qalyn-qar-zauyp-kolikterdin-zurui-qiyndagan-video/