Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болды

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы деректерді ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 37 адам қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, 2 қазан күні Қазақстан аумағында 31 адам коронавирустан, тағы 6 адам пневмониядан көз жұмған.

Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

4 қазандағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1717 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан. Осылайша, Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 892 710-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935184-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-37-adam-qaitys-boldy/

pixel