Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде КВИ-ға қарсы вакцинаның алғашқы компонентін қанша адам алды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан халқын COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың соңғы статистикасы жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, вакцинаның алғашқы компонентін алғандардың саны 8 миллион адамға жетуге шақ қалды.

Бұл туралы министрліктің Telegram-каналында хабарланды. Құзырлы мекеменің ресми ақпаратына сенсек, ағымдағы жылдың 4 қазанындағы жағдай бойынша 7 716 723 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін салдырған.

Ал вакцинацияның толық курсын алғандар саны 6 671 959 адамды құрап отыр.

Айта кетсек, Қазақстанда тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азаюда.

Соңғы тәулікте елімізде коронавируспен тағы 1717 адам ауырған. Бұл екінші қазандағы көрсеткіштен 236 науқасқа аз. Ал 1 қазандағы көрсеткішпен салыстырғанда, дертті жұқтырғандар саны 341 адамға аз болып отыр.

Коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр - 429 жағдай. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы - 288 жағдай. Екі қала да "қызыл" аймақта. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары да "қызыл" аймақтан көрініп отыр.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы және Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935191-elimizde-kvi-ga-qarsy-vakcinanyn-algasqy-komponentin-qansa-adam-aldy-ministrlik-malimeti/

pixel