RU

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның арнайы жүлдесіне ие болды

Көрнекі
Фото: instagram.com/kazfutsal

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатының нәтижесі бойынша футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы жүлде тапсырды.

Sports.kz сайтының хабарлауынша, ұлттық құрама әділ ойыны үшін ФИФА (fair play) жүлдесін жеңіп алған. Марапаттау рәсімінің видесыо желіде жарияланды.

Айта кетейік, шағын футболдан Литвада өтіп жатқан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жартылай финалда Қазақстан құрамасынан айласын асырған Португалия турнирдің жеңімпазы атанды.

Ақтық сында Португалияға есе жіберген Аргентина екінші орынға табан тіреді. Ал турнирдің үшінші орыны Бразилияға бұйырды. Бес дүркін әлем чемпиондары қола медаль үшін таласта Қазақстанды 4:2 есебімен ұтты. Ел құрамасы сапынан голдарды Альберт Ақбалықов пен Тайнан соқты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935202-futzaldan-qazaqstan-quramasy-fifa-nyn-arnaiy-zuldesine-ie-boldy/