Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бес адам ажал құшқан жол апатынан тірі қалған жолаушының беті бері қарады

Опубликовано:

Бойжеткен
Көрнекі сурет: Elorda.info

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған жалғыз жолаушының беті бері қарады деп хабарлады Elorda.info.

Елордада бес адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған жалғыз жолаушының жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың омыртқасына ота сәтті жасалған. Бүгін, 4 қазан күні бойжеткен палатаға ауыстырылады.

Еске салсақ, қайғылы жағдай түнде Сарайшық көшесіндегі көпірде болды. Toyota Camry тізгіндеген 19 жастағы жігіт қатты жылдамдықпен келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен. Оның көлігі Nexıa көлігімен бетпе-бет соғылды. Салдарынан бес адам оқиға орнында ажал құшқан: екеуі – жүргізуші, үшеуі – жолаушы.

Жол апаты кезінде Toyota Camry көлігінде болған 18 жастағы бойжеткенге дәрігерлер шұғыл ота жасағаны хабарланған еді. Науқастың омыртқасы сынған және қатты есеңгіреп қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935244-elordada-bes-adam-azal-qusqan-zol-apatynan-tiri-qalgan-zolausynyn-beti-beri-qarady/

pixel