RU

Павлодарда 20 жастағы қызды жезөкшелікке сатқан ер адам қолға түсті

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Павлодарда 20 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсету үшін ақшаға сатқан ер адам қолға түсті деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Тәртіп сақшылары Шөкин көшесіндегі пәтерде ер адамды анықтап, қолға түсіргенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта 35 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, құрбысын жезөкшелікпен айналысуға алдап тартқан 28 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны қолға түсті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Екібастұз қаласында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін пәтер ұсынған әйелді анықтады. 47 жастағы пәтер иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Павлодарлық жедел уәкілдер "STOP-трафик" жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Жезөкшелікпен айналысуға тарту, жеңгетайлық, жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар ұсыну фактілері анықталды, сондай-ақ лас қызметтер көрсеткені үшін 18 адам ұсталды.

"Көбінесе мұндай қызмет көрсету саласына қолайсыз отбасылардан шыққан қыздар кіреді. Сутенерлер оларға ақша табу үшін бір-екі күнге пәтерлер, қымбат киім, косметика және ақша береді. Содан кейін  лас қызмет көрсету арқылы "әдемі өмір" табуды ұсынады. Бұған келіскен әйелдер байқаусызда құлдыққа түсіп, кенеттен "иесіне жұмыс істеуге" міндетті "борышкер" болады. Ең қауіптісі, иелері мұндай әйелдерді есірткіге отырғызуы мүмкін", — дейді полиция қызметкерлері.

Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларда полицияға дереу хабарлауыңыз керек екенін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935252-pavlodarda-20-zastagy-qyzdy-zezokselikke-satqan-er-adam-qolga-tusti/