Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы операция: Нұр-Сұлтан мен Алматыда қылмыстық топтың жолы кесілді

Опубликовано:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы және Нұр-Сұлтанда полицейлер эротикалық массаж салондары түрінде жұмыс істейтін притондарды анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, ІІМ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан тұратын қылмыстық топ әрекетінің жолын кескен.

Олар эротикалық массаж салондары түрінде жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан.

Ұзақ уақытқа қатысушылар арасында рөлдер бөлініп алынып, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында криминалдық бизнесті ұйымдастырған 8 адамнан тұратын топ анықталды.

"Қылмыскерлер хабарландыруларды интернет пен әлеуметтік желіде орналастырған және қыздарды көп ақы төленетін жұмысты алу мүмкіндігі туралы адастырып, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға тарта отырып, кастингтер жүргізген (20-дан 30 қызға дейін)", - делінген хабарламда.

Притондар таңдаулы коттедждерде ұйымдастырылған және демалыссыз тәулік бойы жұмыс істеген. Күнделікті кіріс ақшасыз есеп айырысумен топ ұйымдастырушысына аударылып отырған және айына 10-12 миллион теңгені құраған.

1 қазанда Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында бір уақытта қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдерді алды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935264-arnaiy-operaciya-nur-sultan-men-almatyda-qylmystyq-toptyn-zoly-kesildi/

pixel