Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жол апаты болып, екі көлік аударылып қалды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан алынған кадр: lada.kz

Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде екі көлік соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі көлік те аударылып кеткен.

Оқиға 4 қазанға қараған түні Орда тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде болды, деп жазады "Лада" басылымы.

Полиция Nissan Almera жүргізушісінің қажетті көлденең аралықты сақтамағанын және Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқанын айтты.

Нәтижесінде екі көлік те аударылып кеткен. Зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады, деп хабарлады тілшілер.

Сонымен қатар, Nissan Almera көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935265-aqtauda-zol-apaty-bolyp-eki-kolik-audarylyp-qaldy-video/

pixel