Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылдың діни күндер кестесі бекітілді (фото)

Опубликовано:

Ислам діні
Көрнекі фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2022 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жария еткен хабарламада.

Кесте
Кесте: muftyat.kz

Кестеге сәйкес, Миғраж түні ақпан айының соңы - наурыздың басына түсіп тұр.

Ал Ораза 2022 жылдың сәуірінде басталып, Ораза айт мамырдың басында болмақ.

Құрбан айт шілде айында күтілсе, Мәуліт қазан айының басында болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Діни басқарма Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ екенін атап өтті. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет дейді басқармада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935269-2022-zyldyn-dini-kunder-kestesi-bekitildi-foto/

pixel