Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус жұқтырған 34 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

Опубликовано:

дәрігер аурухана22
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 797 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 429 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 407, симптомсыз – 22 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 29, келіп түскені – 124.

"Инфекциялық стационарларда 1 797 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 179), оның ішінде 75 бала емделуде", – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 174 адам жатыр.

Ал 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 89 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 41 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 073 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3916 науқас. 157 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935274-almatyda-koronavirus-zuqtyrgan-34-nauqas-tynys-alu-apparatyna-qosylgan/

pixel