Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО тұрғыны әкесінен қалған мұра үшін полиция алдында жауап беруге мәжбүр болды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: ШҚО ПД

ШҚО-да Тарбағатай ауданы Тәуке ауылының тұрғыны марқұм әкесінен қалған үйінен табылған қару-жарақ үшін жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қыркүйекте Тарбағатай ауданының жедел полиция өкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі үйде тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Тәртіп сақшылары дереу тексеруге кірісті. Кешенді жедел-іздестіру шараларынан кейін тәртіп сақшылары Тәуке ауылының 44 жастағы тұрғынын анықтады.

Қару-жарақ
Фото: ШҚО ПД

Одан мылтық пен пышаққа ұқсайтын зат табылды. Сарапшылар ер адамның үйінен Mossberg 12 калибрлі тегіс ұңғылы атыс қаруы табылғанын растады. Қару оқ атуға жарамды болып шықты.

Ауыл тұрғыны тапаншаны марқұм әкесінен қалғанын айтып, ақталды. Ол Әкімшілік кодекстің 482-бабы (қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935288-sqo-turgyny-akesinen-qalgan-mura-usin-policiya-aldynda-zauap-beruge-mazbur-boldy/

pixel