Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер мен ҰҚК қызметкерлері Алматы маңында арнайы операция өткізді

Опубликовано:

Күдікті
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы маңында құқық қорғаушылар арнайы операция өткізді. Полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, атыс қаруымен қаруланған деструктивті діни ағым жақтасын ұстады. Оның үйінен оқ-дәрілер мен діни бейнехана табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Арнайы операция 30 қыркүйекте Қарасай ауданы аумағында болған. Екі құқық қорғау органы қызметкерлерінің жұмысы нәтижесінде тыйым салынған діни ағымды ұстанатын 20 жастағы жігіт ұсталған.

Оның көлігінен 16 калибрлі аңшы мылтығы мен үш патрон табылған. Қазір құзырлы органдар жігіттің қаруды қандай мақсатта өзімен алып жүргенін анықтауда.

"Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, сондай-ақ ешқандай рұқсат құжаты жоқ сигналдық тапанша табылды.

Сонымен қатар, оның үйінен бейнетаспалар мен діни әдебиеттер алынды. Қазір олар бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 128-бабы, 1-бөлігімен (Қаруды заңсыз алу, сату, сақтау және тасымалдау) бойынша жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935322-policeiler-men-uqk-qyzmetkerleri-almaty-manynda-arnaiy-operaciya-otkizdi/

pixel