Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

ауа райы1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 5 қазанда облыстың солтүстігінде, тәулік бойы 6 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935325-koktaigaq-tuman-burqasyn-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/