Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да дөңгелегін тексеруге шыққан жүргізушіні көлік қағып кетті

Опубликовано:

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

"Өскемен-Семей" тас жолында көлік қаққан ер адам көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы "Өскемен-Семей" тасжолының 25-ші шақырымында болған.

22 жастағы жігіт автокөлігінен түсіп, дөңгелегін тексермекші болғанда оны сол маңнан өтіп бара жатқан "Лада" машинасы қағып кеткен.

Ер адам оқиға орнында жан тапсырған.

"Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Видеотіркегіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде екі көлік соқтығысып қалғанын жазған едік.

Оқиға 4 қазанға қараған түні Орда тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде болған.

Полиция Nissan Almera жүргізушісінің қажетті көлденең аралықты сақтамағанын және Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтығысқанын айтты. Нәтижесінде екі көлік те аударылып кеткен.

Зардап шеккендерге оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған.

Сонымен қатар, Nissan Almera көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935327-sqo-da-dongelegin-tekseruge-syqqan-zurgizusini-kolik-qagyp-ketti/

pixel