Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Жаңа жыл кештерін өткізуге рұқсат бар ма: Министр жауабы (видео)

Опубликовано:

Жаңа жыл1
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы Жаңа жыл мерекесін көпшілікпен тойлауға рұқсат берілетін-берілмейтіні туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы министр Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында сөз етті.

"Қазіргі уақытта аймақтың эпидемиологиялық мәртебесіне қарай шектеулер бар. Бүгінде біз түрлі шараларды азаматтардың "жасыл" мәртебесі болған жағдайда өткізуге рұқсат бере бастағанымыз рас. "Жасыл" мәртебені талап ету шарты шара өтетін мекемелердің ұжымын да, шараға қатысушы азаматтарды да қорғау үшін қойылып отыр", - дейді министр.

Осы орайда Цой басты міндет – әлеуметтік байланыстарды да, экономиканы да кезең-кезеңмен ашу және кеңейту екендігін алға тартты. Сондықтан, Ashyq жүйесі жолға қойылып отырғанын және біртіндеп шектеу шараларын жеңілдете беру жоспарланып отырғанын қосты.

Министр Жаңа жыл қарсаңындағы корпоративтік кештерді өткізуге теориялық тұрғыдан мүмкіндік барын да атап өтті.

"Бүгінде бұған рұқсат бар, 50 адамға дейін жиналуға рұқсат беріліп отыр. Яғни, қазірдің өзінде ол мүмкін", - деп жауап берді Цой журналист сауалына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935334-qazaqstanda-zana-zyl-kesterin-otkizuge-ruqsat-bar-ma-ministr-zauaby-video/

pixel