RU

Күрекпен ұрып соққан: Полиция Ақтаудағы төбелеске түсінік берді

Екі күрек
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда ер адамдар арасында төбелес шығып, олар бір-бірін күрекпен аяусыз ұрып соққан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше ер адамның жерде жатқан адамдарды күрекпен аяусыз ұрғаны байқалады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 6-шағынаудандағы "Тандыр Хаус" кафесінің жанында болған.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанжал алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін басталған.

"Шамамен сағат 16:30-да Ақтау полиция басқармасы 102 кезекші пультіне тұрғындардан 6-шағынаудандағы 37-үйдің маңында төбелес болып жатқандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Келген полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстап, Ақтау полиция басқармасына жеткізді. Төбелес тұрмыстық жағдайда болғаны анықталды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935341-kurekpen-uryp-soqqan-policiya-aqtaudagy-tobeleske-tusinik-berdi/