Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Facebook, WhatsApp және Instagram 7 сағаттан кейін жұмысын қайта бастады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Біршама уақыт істен шыққан Facebook пен Instagram қызметі қайта жанданды. Сервистің шамамен 7 сағат жұмыс істемегені белгілі болды.

Facebook желісінің технология директоры Майк Шрупфер өзінің Twitter-дегі парақшасында Facebook қызметін бастағанын, алайда 100 пайыз қалпына келтіру үшін біршама уақыт қажет екенін жазды.

"Біз желіні қолданатын шағын және ірі кәсіпкерлерден, жеке тұлғалардан, отбасы мүшелерінен кешірім сұраймыз", - деді ол.

Сонымен қатар, компанияның Twitter-дегі ресми аккаунты да Facebook желісінің жұмысты қалпына келтіргенін хабардар етті.

"Біз қосымшалар мен сервиске кіруді қалпына келтіру үшін көп жұмыс жасадық. Біз олардың желіге қайта оралғанын хабарлағанымызға қуаныштымыз", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Twitter-де Instagram желісінің жұмысы қалпына келгені туралы ақпарат пайда болды. Платформаны әзірлеушілер көпшіліктен кешірім сұрады.

Содан кейін WhatsApp мессенджері де қосылды. РИА Новости мәліметінше, аталған бағдарлама соңғы болып қызметін қайта жандандырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаппай істен шығудың себебі - бағдарламалық жасақтаманы жаңартудағы қателер.

Бұл жағдайға қатысты Faccebook басшысы Марк Цукерберг түсініктеме берді.

"Facebook, Instagram, WhatsApp және Messenger қайтадан жұмыс істей бастады. Бүгінгі үзіліс үшін кешірім сұраймын: сіз жақсы көретін адамдармен байланыста болу үшін біздің қызметтерге қаншалықты сенетініңізді білемін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935361-facebook-whatsapp-zane-instagram-7-sagattan-keiin-qaita-zumysyn-bastady/

pixel