Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық бойжеткен әріптесінің атынан несие рәсімдеді деп күдікке ілінді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Anar Mustafayev

Түркістан полицейлері әріптесінің атынан несие рәсімдеді деп күдікке ілінген бойжеткенді ұстады.

Polisia.kz мәліметінше, Төлеби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші әйелдің сөзінше, белгісіз біреу оның атынан 90 мың теңге онлайн несие алған. Бұл туралы банк қосымшасынан хабарлама келгенде бірақ біліпті. Содан бірден тәртіп сақшыларынан көмек берулерін сұраған.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Төлеби ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекен-жайынан ұстады.

Белгілі болғандай күдікті бойжеткен жәбірленушінің әріптесі болып шықты.

Қазіргі уақытта бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

"Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәліктеріңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз" делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935366-turkistandyq-boizetken-ariptesinin-atynan-nesie-rasimdedi-dep-kudikke-ilindi/

pixel