RU

"Сәйкестік": Денсаулық сақтау министрі екпеден кейін қайтыс болғандар туралы айтты

Алексей Цой
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында вакцинадан кейін тіркелген өлім-жітім жайттарына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, вакцинадан болған қайғылы жағдай тіркелмеген. Адамдар бірінші және екінші дозасын да алып жатыр, дейді министр.

Ведомство басшысы аакцина алу кезінде туындаған әр жағдай бойынша тұтас бір комиссия құрылып, тексеретінін сөз етті.

"Бұл жерде қайғылы жайттар мен екпенің сәйкес келген жағдайлары екенін түсінген өте маңызды. Елестетіп көріңіз. Елімізде ересек халықтың 7,5 миллионы екпе алып қойған. Коронавирусқа дейін де күн сайын инфарктен 5 адам, инсульттен 10 адамға дейін, өзге аурулардан күн сайын адамдар қайтыс болатын. Олар созылмалы аурулардың әсерінен, ілеспе асқынулардың салдарынан, қан қысымының көтерілуінен бұрын да қайтыс болып жататын. Сол тенденция қазір де өзгеріп жатқан жоқ", - деді денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың сөзінше, бұндай жағдайлар психолоигялық тұрғыда вакцина алған кезбен байланыстырылады да, азааттар бірден вакцинадан көре бастайды.

"Бірақ сәйкестік болған жайттардың бәрінде екпе алған адамның созылмалы ауруы, қысымы жоғары болғанын немесе миында ақаулар болғанын көрдік. Сондықтан, аурудың созылмалы анамнезі болған. Осындай жайттың әрқайсысын біз жеке қараймыз. Әрбір осындай жағдай бойынша нақты регламент бар", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935369-saikestik-densaulyq-saqtau-ministri-ekpeden-keiin-qaitys-bolgandar-turaly-aitty/