RU

Коронавирус: Қазақстанның қанша өңірі "жасыл" аймақта

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5 қазандағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1624 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 894 334-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935376-koronavirus-qazaqstannyn-qansa-oniri-zasyl-aimaqta/