Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ер адам сегіз жасар қызды балмұздақпен алдап үйіне шақырып, зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда оқушы қыз педофилдің құрбаны болды. Ол үйіне қайтып келе жатқан кезде күдікті шабуыл жасаған деп хабарлайды Мой город басылымы.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева айтып берді.

"Көшеде ата-анасының қарауынсыз қалған сегіз жасар қыз бала сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерге ұшыраған. Қылмыскер балаға арналған балмұздақ сатып алған содан кейін алаяқтықпен оны үйіне апарып, онда бірнеше сағат бойы заңсыз әрекеттер жасады. Қазіргі уақытта күдіктіні прокуратура сотқа берді", - деді Әсел Берқалиева.

Қылмыстық істер материалдарына сүйенсек, балалар үйде жалғыз қалғанда есікті жаппайды, сондай-ақ көшеде танымайтын адамдармен сөйлесе береді, бейтаныс адамдармен лифтке кіреді, үйге қандай қауіпсіз жолдармен баруға болатынын білмейді. Дәл осындай сәттерде олар педофилдердің көзіне түседі, деді аға көмекші.

Осы орайда Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ата-аналарды балаларын көзден таса етпеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935386-oralda-er-adam-segiz-zasar-qyzdy-balmuzdaqpen-aldap-uiine-saqyryp-zorlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel