Нұр-Сұлтанда қар жауды: бір тәулікте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Опубликовано:

Ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жолда қауіпсіз жүру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сондай-ақ, жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз", - делінген елорда ПД баспасөз хабарламасында.
Елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
"Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз" , - делінген департамент хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935398-nur-sultanda-qar-zaudy-bir-taulikte-96-zol-kolik-oqigasy-tirkeldi/