Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Facebook инженерлері әлеуметтік желілерде әлем бойынша ақаулар тіркелуінің себебін атады

Опубликовано:

Мессенджер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Facebook компаниясы Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджерінің уақытша істен шығу себебін атады.

Facebook инженерлерінің сайтында жарияланған мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі уақытта жүйелер қалпына келтіріліп, іске қосылған. Мамандардың сөзіне сенсек, туындаған ақаулар күнделікті операцияларда қолданылатын көптеген ішкі құралдар мен жүйелерге әсер еткен, бұл өз алдына мәселені тез саралап, шешімін табуды қиындатқан.

"Инженерлік топтар біздің деректер орталықтары арасындағы желілік трафикті үйлестіретін магистральді маршрутизаторлардың конфигурациясының өзгеруі ақау тудырып, салдарынан байланыс үзілгенін анықтады. Желі трафигінің бұзылуы біздің деректер орталықтарының қосылу жолына каскадты түрде әсер етті, нәтижесінде біздің қызметтер тоқтатылды", - делінген компания хабарламасында.

Яғни, инженерлердің пайымынша, ақаулардың туындауына конфигурацияның дұрыс өзгермеуі негізгі себеп болған.

Еске салайық, 4 қазан күні Facebook, WhatsApp және Instagram жұмысында әлем бойынша ақаулар туындаған еді.

Біршама уақыт істен шыққан Facebook пен Instagram қызметі қайта жанданды. Сервистің шамамен 7 сағат жұмыс істемегені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935400-facebook-inzenerleri-aleumettik-zelilerde-alem-boiynsa-aqaular-tirkeluinin-sebebin-atady/

pixel