RU

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері 22 жастағы жігітті қағып кетті

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: pixabay.com

2 қазанда Семей-Өскемен тас жолында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды. 22 жастағы жіітті қағып кеткен көліктің рөлінде полиция қызметкері отырған. Ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті растады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 1 қазаннан 2 қазанға қараған түні Семей-Өскемен тас жолының 25 шақырымында болған. Салдарынан облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны жан тапсырды.

"Жол апатына қатысушы - Lada Priora жүргізушісі расымен де полиция қызметкері болған. Алайда ол теріс себептерге байланысты ішкі істер органдарынан шығарылған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейіні тергеу жүргізілуде)", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Сонымен қатар, тиісті сараптамалар тағайындалып, видеотіркеуден жазбалар алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

"Полиция департаментінің басшылығы марқұмның туыстарына барып, көңіл айтты. Тергеу барысы бақылауда және принципті құқықтық баға берілетін болады", - деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935413-sygys-qazaqtanda-policiya-qyzmetkeri-22-zastagy-zigitti-qagyp-ketti/