RU

Шығыс Қазақстан облысында ер адам ашық жатқан құдыққа құлап, сүйектерін сындырды

Жәбірленуші
Кадр: Instagram / shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы жігіт ашық жатқан құдыққа құлап кетті. Құтқарушылар оны құдықтан шығарып алды. Сүйектері сынып кеткен жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлайды.

Алтай ауданының Зырян көшесінде 1994 жылы туған жігіт құдыққа құлап кетті. Құтқарушылар оқиға орнына барды. Олар жігітке арқанның көмегімен құдықтан шығуға көмектесті.

"Құлау салдарынан сүйектері сынып кеткен ер адамды жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға жеткізді", - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Белгілі болғандай, жігіт түнде серуендеп жүргенде ұялы телефонына назары ауып, ашық жатқан құдықты байқамай, құлап кеткен. Құтқарушылар адамдарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтауда жылу құбыры жүргізілген құдықтан ер адамның мәйіті табылған еді.

Одан бөлек, Маңғыстау облысында ағайынды екі бала құдыққа құлап, ажал құшқаны хабарланған болатын.

Оқиға болған уақытта құдықтағы су деңгейі 1,8 метрден аспаған, алайда бұл тереңдіктен екі бала өз бетінше шыға алмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935440-sygys-qazaqstan-oblysynda-er-adam-asyq-zatqan-qudyqqa-qulap-suiekterin-syndyrdy/