Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында есірткіні құпиясөз арқылы сатып келген ер адам ұсталды

Опубликовано:

Есірткі
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысында алкоголь өнімін сатушы өзінің жұмыс орнында гашиш саудалаған деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда маңындағы елді мекеннің 39 жастағы тұрғыны ұзақ уақыт бойы гашиш пайдаланып келгені анықталды.

Ол сауда үйінде алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан. Кейін алкоголь өнімдерімен бірге есірткі затын сатуды қолға алады.

"Күдікті "өнімді" тек құпия сөз арқылы сатқан. Яғни, сатылымда жоқ алкоголь өнімнің құпия сөзін айтқан адамға ғана есірткі сатқан. Осындай 5 грамнан астам гашиш сату кезінде оны полиция қызметкерлері қолға түсірд", - деді Есірткі қылмысымен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Рәзия Курсанова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталғанын жазған едік.

Үржар ауданының тәртіп сақшылары ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген 48 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ресей Федерациясының азаматы 2013 жылдан бері есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935445-aqmola-oblysynda-esirtkini-qupiyasoz-arqyly-satyp-kelgen-er-adam-ustaldy/

pixel