RU

Алматыда қар жауып, күн суытады: Көлік жүргізушілері нені ескеруі қажет

Алматы
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

5-6 қазан күні және 7-сіне қараған түні Алматы қаласында жауын-шашын болып, арты қарға ұласады. Осы орайда Тұрғын үй саясаты басқармасы көлік жүргізушілеріне үндеу жасады деп хабарлайды Almaty.tv.

Оңтүстік астанада 5-6 қазан күні ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін.

Тұрғын үй саясаты басқармасы осыған байланысты көлік иелері жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстырған жөн екенін ескертеді.

"Жұмысқа кешікпеу үшін көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз.

Жолдың жүру бөлігінде қатқан мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашықтықты сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға, жаяу жүргіншілер жолында көктайғақтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер 6 қазан күні Алматыда қар аралас жаңбыр жауатынын болжаған еді.

Одан бөлек, ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жол қауіпсіздігі мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті көлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935472-almatyda-qar-zauyp-kun-suytady-kolik-zurgizusileri-neni-eskerui-qazet/