Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында сотталушылар жеңіл арбамен жарыс өткізді

Опубликовано:

Сотталушы
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы колонияда сотталушылар жеңіл арбаның көмегімен ерекше жарыс ұйымдастырды. Мұндай сайыс бас бостандығынан айыру мекемесінде алғаш рет ұйымдастырылған деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғашқы жарысқа екі команда қатысқан. Мекеме әкімшілігі жарыс көлігін жасау үшін сотталушыларға түрлі материалдар, соның ішінде ванна берген.

Әр топта бес адамнан болған. Олар белгіленген межеге дейін барып, екінші бір қатысушыға көлікті қайта бері отырған. Ең алыс қашықтықты бағындырғандар жеңіске жеткен.

"Аталған сайыс үшін мекеме қызметкерлерінің бірі көлік жасау үшін жөндеуден кейін қалған ваннаны әкелді", - деді АК-159/17 мекемесі бастығының орынбасары Азат Сыздықов.

Сотталушылар
Фото: polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935484-qaragandy-oblysynda-sottalusylar-zenil-arbamen-zarys-otkizdi/

pixel