Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 қазанға ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Күндіз 6 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
6 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
6 қазанда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен сақталады.
6 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде обылыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер ертең, 6 қазан күні Алматыда қар аралас жаңбыр жауатынын болжаған еді.
"Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде - 0-2, күндіз +4-6 градус жылы. 7 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м /с. Ауа температурасы түнде -2-4 градус суық, күндіз +2-4 градус жылы",- деді синоптиктер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935519-tuman-koktaigaq-burqasyn-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/