Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласының әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Опубликовано:

1
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгін Қызылорда қаласында «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, білім саласының майталмандарына сый-сияпатын тарту етті.

Қаламыздың барлық ұлағатты мамандық иелері мен білім саласының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала әкімі «Ұстаздарды ұлықтап, қадір тұту, құрметтеу – парыз. Білім беру ісі бұл тамыры тереңде жатқан, бір күн немесе бір жылда көрінбейтін еселі еңбек» деп ерекше алғысын жеткізді.

2
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Өз ісіне деген адалдығын нақты іспен, нәтижелі жұмыспен дәлелдеп, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұстаздар еңбегі қай уақытта да ескерусіз қалмайды. Осы орайда шаһар басшысы білім саласында үздік нәтижеге қол жеткізген сала мамандары үшін ең биік марапат болып саналатын «Алтынсарин» төсбелгісін «Orda School» мектебінің мұғаліміне табыстап, жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарды ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Педагог-қызметкерлерге қала әкімінің алғыс хаты және (150 мың теңге) қаржылай сыйақысы табысталып, қаланың біршама директорлары «Серіктес директорлар» лигасы принтерінің иегері атанды.

1
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мерекеде қалалық қосымша білім беру орталығының жас өнерпаздары әсем әуенмен сүйемелденген вальс биін билеп, ұстаздардың құрметіне ән шырқады.

4
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Жалпы, білім саласын дамыту жолында қаламызда көптеген оңды істер атқарылуда. Бүгінгі күні 55 жалпы орта білім беру ұйымдарында қала бойынша 7 мыңға жуық бала білім алса, оның ішінде 3-6 жас аралығындағы 21 мыңнан аса бала мектепке дейінгі мекемелермен 100% қамтылып отыр. Биылдан бастап 1-3 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту көрсеткішін арттыру жұмыстары қолға алынып, қаладағы 21 балабақшада тәрбиеленуде. Осы жылдан бастап бүлдіршіндерімізге заманауи тәрбие мен білім беру мақсатында қала аумағында орналасқан 8 балабақшада «Стэм» кабинеттер жұмыс жасауда. 55 мектептің 30-ы арнайы мамандармен қамтылып, инклюзивті білім беруге жағдай жасалды. Атап айтқанда, Өңірлік Жол картасына сәйкес, өткен жылдан бастап облыс орталығында 13 инклюзивті кабинет өз жұмыстарын бастады. Одан бөлек, инклюзивті білім беруді дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған Өңірлік жол картасына сәйкес, білім беру ұйымдарынан 1 ресурстық орталық және 1 аутизм балаларды қолдау кабинеті ашылып, жұмыс жасауда. Соңғы үш жылда оқушыларды сапалы білім нәрімен сусындатып, болашағы жарқын болуы мақсатында қызмет еткен Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп лицейі облыс деңгейінде «Үздік орта білім беру ұйымы» атанды.

5
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгінде қызылордалық ұстаздың 19-ы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, 3-і ҚР «Білім беру ісінің үздігі» және 12-сі «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» шәкірттерді білім нәрімен сусындатып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935528-qyzylorda-qalasynyn-akimi-ustazdarga-qurmet-korsetti/

pixel