Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі мектепте оқушы бұрыш спрейін шашты: зардап шеккендер бар (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан алынған кадр: otyrar.kz

Шымкенттегі мектептердің бірінде бұрыш спрейі шашылды. Оқиға орнынан уланған үш бала ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 5 қазанда сағат 10.30 шамасында 103 қызметіне Шымкенттегі мектептен қоңырау түскен. Оқушылардың белгісіз заттан уланғаны айтылды. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барды. Мұнда дәрігерлер 7 бала мен білім беру мекемесінің бір қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Уланған үш мектеп оқушысы гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді. Науқастар құсу мен бас айналуға шағымданды. Барлық жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетілді. Оқушылар екі сағат бойы бақылауда болды, содан кейін олардың жағдайының жақсаруына байланысты үйлеріне жіберілді", – деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасында.

Otyrar.kz басылымы Тұрлан ықшамауданындағы №55 мектептің оқушыларының бірі бұрыш бүріккішін шашқанын жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935537-symkenttegi-mektepte-oqusy-burys-spreiin-sasty-zardap-sekkender-bar-video/

pixel