Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда КамАЗ-дың мас жүргізушісі екі көлік пен аялдаманы соқты

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда КамАЗ көлігінің мас жүргізуші екі көлік пен аялдаманы соқты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 5 қазан күні түскі сағат 12:00 шамасында Ф. Оңғарсынова көшесі мен Қ.Рысқұлов даңғылының қиылысында болды.

"Ішімдік ішкен "КамАЗ 5410" автокөлігінің Л. есімді жүргізушісі Қ. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, Фариза Оңғарсынова көшесіне оңға бұрылып, "Toyota Land Cruiser Prado" көлігімен соқтығысқан, содан кейін жолдың жиегінде тоқтап тұрған "Hyundai" көлігін соғып, кейін аялдамаға соғылып барып тоқтады.

Апат салдарынан барлық көлік пен аялдама кешені механикалық зақым алды, зардап шеккендер жоқ", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оның айтуынша, тергеуді Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935545-almatyda-kamaz-dyn-mas-zurgizusisi-eki-kolik-pen-ayaldamany-soqty/

pixel