Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 18 жастағы жүргізуші кейуананы қағып, мерт қылды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: yugtimes.com

Оралда 18 жастағы жүргізуші кейуананы қағып, мерт қылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қазан күні сағат 14.20-да болды. 18 жастағы жүргізуші "Hyundai Sonata" автокөлігімен Н.Назарбаев даңғылымен келе жатып, "Марина" кафесі тұсында реттелетін жаяу жүргінші өткелімен өтіп бара жатқан 1941 жылы туған кейуананы қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан кейуана облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Алайда сағат 18.30-да қайтыс болды.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935546-oralda-18-zastagy-zurgizusi-keiuanany-qagyp-mert-qyldy/

pixel