Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік сарапшы Қазақстанда АЭС-тің қашан салынуы мүмкін екенін айтты

Опубликовано:

АЭС құрылысы
Фото: Sputnik Қазақстан/ Энергетика министрлігі

Ресейлік сарапшы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Қазақстанда АЭС құрылысының мерзіміне болжам жасады.

Қазақстан АЭС салу мәселесін 2030 жылы энергия тапшылығының туындауына орай көтерген болатын.

Энергетика және қаржы институтының бас сарапшысы Сергей Кондратьев Қазақстан ол кезге дейін станция салып үлгермейді деген пікірде.

Қазақстандағы АЭС құрылысын "Ростатом" корпорациясы жүзеге асыруы мүмкін. Тараптар бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуде.

"Ресейлік мамандар үшін бұл жүзеге асыру қиындық туғызбайтын жоба. Тіпті станция құрылысы үшін сейсмикалық қолайсыз өңір таңдалса да. Алайда станция құрылысы біраз уақытты алады. Ел билігі 2031-2032 жылдары оңтүстік өңірде энергия тапшылығы болады деп болжап отыр. Бұл жұмыс та сол уақытқа баратын шығар", - дейді Кондратьев.

Оның айтуынша, АЭС құрылысы кемінде 5-6 жыл уақытты алады. Оған дейін тұрғындардың келісімі, рұқсат алу, жерді таңдау сияқты жобалық процедуралар жүзеге асырылуға тиіс. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935549-reseilik-sarapsy-qazaqstanda-aes-tin-qasan-salynuy-mumkin-ekenin-aitty/

pixel