"Алматы көш басында": Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді
Опубликовано:

Қазақстанда тәулік ішіндегі коронавирустың таралу көрсеткішіне қатысты ресми мәліметтерді Coronacirus2020.kz Telegram-каналы жария етті.
Елімізде өткен тәулікте 1828 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталған.
Айта кетсек, қазан айының басынан бері елде дерттің таралу көрсеткіші күн санап азайып келе жатқан болатын. Сенбі күні, 2 қазанда дертті жұқтырудың 2 мың жағдайы тіркелгені туралы хабарланған еді. Содан бері бесінші қазанға дейін бұл көрсеткіш 1,6 мың жағдайға дейін төмендеген.
Алайда дертті жұқтыру жағдайы қайтадан өсіп отыр. Өңірлер бойынша көшті Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы бастаған.
Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 290
Алматы қаласы - 419
Шымкент қаласы - 73
Ақмола облысы - 56
Ақтөбе облысы - 70
Алматы облысы - 145
Атырау облысы - 46
Шығыс Қазақстан облысы - 87
Жамбыл облысы - 43
Батыс Қазақстан облысы - 51
Қарағанды облысы - 169
Қостанай облысы - 101
Қызылорда облысы - 32
Маңғыстау облысы - 6
Павлодар облысы - 120
Солтүстік Қазақстан облысы - 98
Түркістан облысы - 22
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 896162.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935567-almaty-kos-basynda-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-kobeidi/