Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісенделген ер адам
Көрнекі фото: Hendrik Schmidt/picture alliance via Getty Images

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қала тұрғыны қолға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оның үстінен қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған қылмыс жағдайы көрсетілген. Күдікті осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген.

"Жедел уәкілдер оны қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды", – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында Үржар ауданының тәртіп сақшылары ресейлік құқық қорғау органдарынан жасырынып, есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы ресейлік азаматты қолға түсірген болатын.

Ресей Федерациясының азаматы 2013 жылдан бері есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935568-qyzylordada-esirtki-qylmysyna-qatysty-xalyqaralyq-izdeudegi-kudikti-ustaldy/

pixel