Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесінің сыйлығы": Шымкентте оқушылардың улануына қатысты тың ақпарат пайда болды

Опубликовано:

Мектеп оқушысы
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі мектептердің бірінде оқушылар уланып қалған болатын. 9-сыныпта оқитын қыз әкесі сыйлаған газ баллонын сыныптастарына сынап көрмек болғаны анықталып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"Қорғану мақсатында әкесі алып берген газ баллонын үзіліс кезінде шашып көрген. Оқуға кедергі болған жоқ, оқу өз уақытында жүріп жатыр", - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмахамбет Әбдіразақов.

Десе де газдың шашылуы салдарынан жеті оқушы мен бір мұғалімнің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері бесеуіне сол жерде көмек көрсетсе, басы айналып тамағы ашыған үш оқушы ауруханаға жеткізілді. Олар дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілген.

Ал газ баллонын шашқан қыздың ата-анасы мен мектеп басшылығы тиісті органдарда түсініктеме жазған.

"Жақыннан шашатын болса, көздің сілекейі, мұрын сілекейі жоғары тыныс алу сілекейі қабынып, асқынуы мүмкін. Бірақ ол адамға өте қауіпті деп айта алмаймын", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазылов.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935573-akesinin-syilygy-symkentte-oqusylardyn-ulanuyna-qatysty-tyn-aqparat-paida-boldy/

pixel